ІІМ азаматтарды аккаунттар мен sim-карталарды бөгде адамдарға бермеуге шақырды

Фото: Life09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, алаяқтар жасөспірімдерден sim-карталар мен әлеуметтік желідегі аккаунттарды алып, оларды алаяқтық қоңыраулар жасауға пайдалануда. Полиция мұндай әрекеттер қылмысқа жәрдемдесу болып саналатынын ескертті.

ІІМ азаматтарды күмәнді sim-карталарды таратпауға, аккаунттарын бөгде адамдарға бермеуге, кәмелетке толмағандарға мұның салдарын түсіндіруге және күдікті жағдайлар туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды.

Олар азаматтарды:
▪️шығу тегі күмәнді sim-карталар мен құрылғыларды сатып алмауға және таратпауға;
▪️өз аккаунттарын үшінші тұлғалардың пайдалануына бермеуге;
▪️кәмелетке толмағандарға мұндай әрекеттердің жауапкершілігі мен салдарын түсіндіруге;
▪️абоненттік нөмірлерді мессенджерлерде тіркеп, кейін оларды бөгде адамдарға бермеуге;
▪️күдікті әрекеттер байқалса, құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.