К. С. Станиславский атындағы Қарағанды академиялық драма театры қала тұрғындары мен қонақтарын Славян жазуы күніне орай ұйымдастырылатын славян ертегілерінің оқылымына шақырады. Іс-шара 31 мамыр, жексенбі күні сағат 12:00-де театрдың репетициялық залының камерлік форматында өтеді.
Көрермендер назарына Степан Писаховтың шығармалары ұсынылады — помор диалектісіне тән айрықша тіл өрнегі мен солтүстік өңірдің нәзік ирониясына құрылған қысқа, көркем әрі қиялға толы аңыз-әңгімелер.
— Бұл Архангельск өлкесіне қатысты өте жарқын әрі шынайы күлкілі хикаялар. Мәселен, Писахов сол өңірде мекендейді-мыс алып балықтар мен «ақылды» аюлар туралы ерекше бір қиял-ғажайыппен баяндайды. Менің ойымша, бұл ертегілер көрермен жүрегінен орын табады, — дейді театрдың көркемдік жетекшісі Андрей Марычев.
Оқылым 12 жастан асқан көрермендерге арналған.