Атыраудағы аттракцион өртеніп кетті

Фото: ЖИ ChatGPT

Атыраудағы “Керемет” саябағында орналасқан аттракциондардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндірушілер жеткенше нысан толық жанып кеткен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрт кезінде ішінде адамдар болмаған.

Айта кетейік, сол сәтте саябақ жабық тұрған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.