Оқушылар Enbek.kz арқылы ресми жұмысқа орналаса алады

gov.kz

Қазақстанда 14–18 жас аралығындағы жасөспірімдерге заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат етілген.

Enbek.kz порталында оқушыларға арналған «Менің жазғы демалысым» бөлімі іске қосылған. Қазір осы мүмкіндік арқылы 5 мыңнан астам оқушы ресми түрде жұмыс істеп жүр.

Айта кетейік, кәмелетке толмағандарды түнгі жұмысқа, ауыр еңбекке және денсаулыққа зиян қызметтерге тартуға тыйым салынады.

Дереккөз: Qazaqstan.tv