Қазақстанда мүгедектік жәрдемақысы 10 пайызға өсті

Фото: Life09

Биыл Қазақстанда мүгедектігі бар жандарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 10 пайызға көбейді.

Қазір І топтағы азаматтарға 200 мың теңгеге дейін, ІІ топқа – 154 мың теңгеге дейін, ал ІІІ топқа 117 мың теңгеге дейін төлем қарастырылған.

Сондай-ақ елімізде мүгедектікті рәсімдеу жеңілдетіліп, куәландырудың 45 пайыздан астамы онлайн форматта жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Qazaqstan.tv