Қарағандыда өткен «Бір ауыл – бір өнім» көрмесінде жергілікті шикізаттан өнім өндіретін 50-ден астам кәсіпкер өз тауарларын таныстырды.
Іріктеу қорытындысы бойынша үздік жергілікті бренд атағына үміткер 20 жартылай финалист анықталды. Бір айдан кейін олардың арасынан үздік 10 өндіруші таңдалып, республикалық кезеңге жолдама алады.
Көрмеде ірімшік пен сүт өнімдері, ұлттық тәттілер, қолөнер бұйымдары, косметика, кәдесыйлар және экологиялық таза азық-түлік өнімдері ұсынылды. Жоба жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға және олардың өнімдерін жаңа нарықтарға шығаруға бағытталған.
Қарағандыда үздік жергілікті брендті анықтау басталды
gov.kz