Ақмола облысында жұмысшылар отырған тіркеме-будка аударылып кеткен

Фото: ЖИ ChatGPT

Оқиға салдарынан Біржан сал ауданындағы «Қазгер» ЖШС-нің төрт қызметкері өндірістік жарақат алды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Тараған ақпаратта зардап шеккендердің үшеуі ауруханадан шығарылғаны, алайда төртінші адамның омыртқасына ауыр зақым келгені алтылды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.