Ақмола облысының Бурабай ауданында квадроцикл қатысқан жол-көлік оқиғасынан 22 жастағы елорда тұрғыны көз жұмды. Қайғылы оқиға 7 шілде күні Зеленый Бор мен Бурабай кенттерінің арасындағы автожолда болған. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан бойжеткен оқиға орнында қайтыс болды. Ал, квадроциклдегі 2007 жылы туған жолаушы медициналық көмекке жүгінген. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сондай-ақ, квадроциклдерді жалға беру пунктінің қызметі, қауіпсіздік талаптарының сақталуы және апаттың басқа да ықтимал себептері тексерілуде.
Дереккөз: BAQ.KZ