Қазақстанда мектеп түлектері алдағы уақытта Ұлттық бірыңғай тестілеумен (ҰБТ) қатар AIT емтиханын да тапсыруы мүмкін.
Жаңа тест тапсырмалары талапкер таңдаған мамандыққа сәйкес әзірленіп, оқушылардың қай салаға бейімі бар екенін анықтауға бағытталады.
Мамандардың айтуынша, бұл бастама өз мамандығы бойынша жұмыс істемейтін азаматтар санын азайтуға ықпал етуі мүмкін. AIT емтиханы келер жылдан бастап пилоттық режимде өткізіліп, оның нәтижесі әзірге есепке алынбайды.
Ұлттық тестілеу орталығы жаңа жүйенің тиімділігін бағалағаннан кейін ғана оны толық енгізу мәселесін қарастырады.
Дереккөз: Qazaqstan.tv