Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық 45 градусқа дейін жетеді

Фото: Life09

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық сақталып, кей өңірлерде ауа температурасы +45°C-қа дейін көтеріледі.

Еліміздің батысы мен солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейіп, нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.

9 шілдеде шығыс өңірлерде де жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кейін бұл аймақтарда жауын-шашын тоқтап, күн қайта ашылады.

Күндізгі ауа температурасы батыс пен оңтүстік-шығыста +33…+42°C, солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде +32…+40°C, оңтүстікте +38…+45°C, ал шығыста +30…+38°C аралығында болады.

Дереккөз: Qazaqstan.tv