Еуропада аптап ыстық салдарынан 10 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бұл туралы EuroMOMO бағдарламасының деректеріне сілтеме жасаған Deutsche Welle хабарлады.
Зерттеу бойынша, өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Франция, Бельгия, Германия және Ұлыбританияда тіркелген. Ал Милан, Париж және Барселона ең көп зардап шеккен қалалардың қатарында.
Мамандардың мәліметінше, көз жұмғандардың 9 мыңнан астамы – 65 жастан асқан азаматтар.
Дереккөз: Qazaqstan.tv
Еуропада аптап ыстықтан 10 мыңнан астам адам көз жұмды
Фото: Life09