МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ: САПА, ЗАҢДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Фото: Life09

Азаматтардың мемлекеттік қызметтерді сапалы, уақытылы және
заң талаптарына сәйкес алуы – мемлекеттікбасқарудың тиімділігін айқындайтын маңыздыкөрсеткіштердің бірі. Осы бағытта Мемлекеттікқызмет істері агенттігінің Қарағанды облысыбойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетінқызметтердің сапасына бақылау, заңбұзушылықтардың алдын алу және азаматтардыңбұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойыншажүйелі жұмыстар жүргізуде.

Бүгінде, мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінжетілдірудің негізгі бағыты мемлекет басшысыменайқындаған «Адам мемлекет үшін емес, мемлекетадам үшін» қағидатына негізделген. Бұлазаматтардың қажеттіліктеріне бағытталған тиімді, ашық әрі қолжетімді қызмет көрсетуді қамтамасызету екенін білдіреді.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындаДепартамент мемлекеттік көрсетілетін қызметтерсаласындағы заңнаманың сақталуына қатысты
жоспарлы, жоспардан тыс тексерістер жүргізді. Тексеру қорытындысында
3000-ға жуық заң бұзушылық анықталды. Олардыжою мақсатында мемлекеттік органдарға  ұсынуларенгізіліп, заң талаптарын бұзған 27 лауазымды тұлғатәртіптік жауапкершілікке тартылып, әкімшілікхаттамалар толтырылды.

Есептік кезеңде Департаментке мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты 281 өтініш келіп түсті. Талдау нәтижесіне сәйкес өтініштердің басым бөлігі, нақты айтқанда сауда-саттық және бау-бақша мәселелеріне қатысты болғаны анықталды.

Жалпы, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Департамент қабылдаған шаралардың нәтижесінде 220-ға жуық азаматтыңбұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Бұл көрсеткіш азаматтардың өтініштерін қарау, жоспардан тыс тексерулер жүргізу, қашықтықтан бақылау тетіктерін пайдалану, мемлекеттік органдарға сұрау салулар жолдау, сондай-ақ EgovKzBot 2.0 Telegram-боты арқылы келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесінде қол жеткізілді. 

Бұл деректер мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тұрақты бақылау жүргізудің маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдейді. Себебі әрбір мемлекеттік қызметтің артында азаматтың құқығы, уақыты және заңды мүддесі тұр.

Сонымен қатар, Департаментпен мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы мақсатта «Елге қызмет» тележобасы аясында бағдарламалар ұйымдастырылып, ай сайын аудан-қалаларда «Қызмет алушылар күні» іс-шаралары өткізілуде. Бұдан бөлек, мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушілер арасында семинарлар, түсіндірме іс-шаралары ұйымдастырылып, телеарналардасұхбаттар, әлеуметтік желілердегі жарияланымдар мен тікелей эфирлер арқылы тұрғындарға заңнамадағы жаңашылдықтар жан-жақты түсіндірілуде.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру – мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы, мемлекеттік қызметтердің қолжетімді әрі сапалы ұсынылуы халықтың мемлекетке деген сенімін нығайтып, тиімді әрі сервистік мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруға негіз болады.