СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Фото: МҚІА

📍Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны азайту мақсатында негізгі тетіктер ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (ішкі және сыртқы) және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіледі.
📍Сыртқы талдау сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, ал мониторинг қабылданған шаралардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. 
📍Нәтижесінде ұсынымдары бар аналитикалық есептер әзірленеді. Бұл тетіктер мемлекеттік органдардағы ашықтық пен адалдықты нығайтуға бағытталған.

📌2026 жылдың 6 айында:

•⁠  ⁠2 сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіліп, 26 ұсыным әзірленді;
•⁠  ⁠5 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг өткізіліп, 23 ұсыным берілді, оның 13-і орындалды;
•⁠  ⁠Бюрократиядан арылту бағыты бойынша 50 кейс жолданып, талдау нәтижесінде 52 кейс әзірленді.
📌Сонымен қатар, Департамент жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен 115 іс-шара өткізілді.