«Әділет» партиясының Қарағанды облыстық сайлауалды штабы Теміртау қаласындағы «Qarmet Service» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Жүздесу барысында өндіріс саласының бүгіні мен болашағы, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы және еңбек қауіпсіздігі мәселелері кеңінен талқыланды.
«Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Владимир Басин мен Асылжан Төлегеновтер сайлауалды бағдарламадағы өнеркәсіпті жаңғыртуға, өндіріс орындарын қолдауға және еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған негізгі тұстарынатоқталды.
«Өнеркәсіп – өңір экономикасының қозғаушы күші. Сондықтан өндіріс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау тетіктерін күшейту – біздің бағдарламаның басым бағыттарының бірі», – деді Владимир Басин.
Ашық әңгіме өрбіген жиында кКәсіпорын қызметкерлері де өз ойларын ортаға салды. Мәселен, еңбек қауіпсіздігін сақтау, жұмыс жағдайын жақсарту, білікті кадрлар даярлау, әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту және өндірістің тұрақты дамуына қатысты өздерін толғандырған сауалдарын қойып, лайықты жауабын алды.
Кандидаттар көтерілген мәселелердің әрқайсына тоқталып, партия бағдарламасында көзделген шешімдер мен бастамаларды таныстырды. Олар өндірістің түйткілдітұстарын шешуде жұмысшылардың пікірі мен ұсыныстарының маңызды екенін атап өтті.
Кездесу соңында «Qarmet Service» АҚ қызметкері Ерлан Нұрмағанбетов мұндай жүздесу өндіріс ұжымдары үшін маңызды екенін еске салды.
«Біз үшін өзекті мәселелерді кандидаттардың өзіне тікелей жеткізіп, нақты жауап алған жақсы. Осындай ашық кездесулер еңбек адамдарының пікірін ескеруге және өндіріс саласындағы түйткілдерді бірлесіп талқылауға мүмкіндік береді», – деді ол.
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.