Шығыс Қазақстанда екі балақай телевизиялық мұнараға шығып бара жатқан жерінен тоқтатылды

Сурет: Life09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Абырой болғанда 5-6 жастағы екі баланы құтқарушылар байқап қалған.

Олар дереу полицияға хабар берген.

Полицейлер мен құтқарушылар балаларды мұнарадан аман-есен түсірді.

Кейін балақайлар ата-аналарына тапсырылды.