Оралда қаза тапқан құтқарушыларға арналған аллея ашылды

Сурет: Life09

Орал қаласында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды еске алуға арналған Құтқарушылар аллеясы ашылды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Аллея Жарқын Фазылов, Ақан Нұрғалиев, Жангелді Сисеналиев және Ерлан Нұғмановтың рухына тағзым ету мақсатында құрылған.

Қатысушылар мемориалға гүл шоқтарын қойып, қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.