Әр алаңның өз мәселесі бар: партиялар өңір тұрғындарымен жүздесуді жалғастыруда

Сурет: ЖИ

«Әділет» партиясы
Жетісуда өндіріс және ауыл шаруашылығы және медицина мәселелерін көтеріп, нақты ұсыныстарын ортаға салды.

«ЖСДП» мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау, медицина, әлеуметтік қамсыздандыру және өңір тұрғындарының өзекті мәселелерін кеңінен талқылады.

«Байтақ» Экологияға басымдық беріп, қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру, қоқыс шығару және су тазарту мәселелерін көтерді.

ҚХП «Әлеуметтік Қазақстан» конгресін өткізіп, тең мүмкіндіктер, әділеттілік және халықтың өмір сүру сапасын кеңінен талқылады.

«Ауыл» партиясы «Таза Ауыл» экологиялық акциясын өткізіп, жастарды табиғатты қорғауға және ауылдарды абаттандыруға, тазалыққа жұмылдырды.

«Ақ жол» партиясы
Отандық өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін көтеріп және өңірлерге арналған пойыз сапарын бастады.

«Respublica» Өнеркәсіп, салық реформасы, кадр саясаты, жеке инвестиция арқылы жаңа жұмыс орындарын құру мәселелерін талқылады.