Қазақстандықтарға некесін «ұзарту» қажет пе? Әділет министрлігі ескерту жасады

Сурет: скрин

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға некені тіркеу мерзімін міндетті түрде ұзарту қажет екені туралы ақпарат тарады.

Алайда Әділет министрлігі бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін және алаяқтық сипатқа ие екенін мәлімдеді. Неке-отбасы заңнамасына сәйкес, Қазақстанда неке бір рет тіркеледі және оның белгілі бір қолданылу мерзімі жоқ. Демек, некені қайта «ұзартудың» қажеті жоқ. (eGov.kz)

Министрлік қазақстандықтарды мұндай хабарламаларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырды.

Сақ болыңыздар — «некені ұзарту» туралы хабарламалар алаяқтардың кезекті айласы болуы мүмкін.