Күзде 23 мыңға жуық қазақстандық мерзімді әскери қызметке шақырылады

Фото: ЖИ COPILOT

Президент Жарлығына сәйкес Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Оның аясында қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысқа кірісті.

Күзгі шақыру барысында шамамен 23 мыңға жуық азаматты мерзімді әскери қызметке жіберу жоспарланып отыр. Шақыру науқаны еліміздің барлық өңірін қамтиды.