Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құрылады

Сурет: Sputnik / Санат Имангалиев

Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының жанынан Қоғамдық палата құру туралы шешім қабылданды. Оның құрамына 50 адам енгізу жоспарланып отыр.

Қоғамдық палата депутаттар, сарапшылар, ғалымдар, азаматтық қоғам, кәсіби бірлестіктер мен өңір өкілдері пікір алмасатын тұрақты алаң болмақ.

Негізгі міндеттердің бірі – заң жобаларын «нөлдік оқылым» кезеңінде қоғамдық және сараптамалық тұрғыда зерделеу.

Сондай-ақ мұнда елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланады.

Алдағы уақытта Құрылтай Бюросы палатаның ережесі мен құрамын бекітуге тиіс.