Теннистен Юлия Путинцева Азиаданың қола жүлдесін алды

Сурет: 𝑯𝑶𝑴𝑬 𝑶𝑭 𝑸𝑨𝒁𝑨𝑸𝑺𝑻𝑨𝑵 𝑺𝑷𝑶𝑹𝑻𝑺 ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясы

Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында теннистен жарыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Теннистен әйелдер арасындағы жеке сайыста Юлия Путинцева жартылай финалда Шуай Жангпен (Қытай) кездесіп, 4:6, 2:6 есебімен жол берді.

Айта кетейік, Юлия Путинцева әйелдер арасындағы жеке сайыстан ел тарихында жүлде алған бірінші теннисші ретінде тіркелді.