Қазақстандық дзюдошы Әзербайжан астанасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында 60 келіде екінші орынға ие болды.
Отандасымыз финалдық кезеңде жергілікті спортшы Ахмад Юсифовқа есе жіберді.
Шерзод Давлатовтың күміс медаль жолында белдескен спортшылары:
Лойк Кудбубдинов (іріктеу)
Рауль Нганджи бурунди (1/16 финал)
Микель Аугусто Бразилия (1/8 финал)
Валадиер Пикард (1/4 финал)
Рюдзю Нагаяма (1/2 финал)
Ахмад Юсифов (финал)
Айта кетейік, Бакудегі байрақты бәсеке 4-11 қазан аралығында өтеді.
Әлем чемпионатының барлық кездесулерін «Qazsport» телеарнасы мен сайтынан тікелей эфирде көріңіз.