2026 жылдың III тоқсаны (шілде-қыркүйек)
Жалған ақпарат • Манипуляция • Нарративтік бұрмалаулар • Қабылдаудағы қателіктер
2026 жылдың III тоқсанында Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жалған және манипуляциялық ақпараттың таралуына қатысты 52 жағдайды анықтап, зерделеді. Оның ішінде шілде айында 17, тамыз айында 11, қыркүйек айында – 24 жағдай тіркелді.
|
52 Анықталған жағдай (тоқсан ішінде) |
6 Қамтылған платформа |
28 Ден қойылған ведомство |
2 ЖИ көмегімен жасалған кейс |
КЕЗЕҢНІҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ:
• Кейстердің басым бөлігі ойдан шығарылған оқиғаларға емес, шынайы фактілерді, рәсімдер мен контексті бұрмалауға негізделген;
• Қыркүйек айында ең жоғары көрсеткіш тіркелді – 24 жағдай, яғни тоқсандық көрсеткіштің 46,2%-ы;
• Қарулы Күштер тақырыбы ең ірі тақырыптық бағыт: 12 жағдай (23,1%);
• III тоқсандағы материалдарда нақты оқиғаларды, мұрағаттық материалдар мен ресми рәсімдерді бұрмалауға негізделген классикалық манипуляциялар басым болды;
• Тоқсан тренді: «бір элементті өзгерту жеткілікті» – орын, уақыт, ауқым, себеп, құқықтық мән немесе ілеспе түсініктеме.
1. ЖАЛҒАН АҚПАРАТ КЕЙСТЕРІНІҢ АЙЛАР БОЙЫНША СТАТИСТИКАСЫ
|
ШІЛДЕ (17 ЖАҒДАЙ) |
ТАМЫЗ (11 ЖАҒДАЙ) |
ҚЫРКҮЙЕК (24 ЖАҒДАЙ) |
|
Негізгі тақырыптар: |
Негізгі тақырыптар: |
Негізгі тақырыптар: |
|
Негізгі ведомстволар: |
Негізгі ведомстволар: |
Негізгі ведомстволар: |
|
|
|
|
2. ЖАЛҒАН АҚПАРАТТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ БӨЛІНІСІ
III тоқсанның жетекші бағыты Қарулы Күштерге қатысты 12 (23,1%) кейс, заң, құқық қолдану және құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты 10 кейс (19,2%) болды. Сондай-ақ, әлеуметтік саясат пен білім беру 7 жағдай (13,5%), инфрақұрылым мен энергетика 6 (11,5%) салаларының да үлесі айтарлықтай. Халықаралық қатынастар, қаржы саласы және табиғи/экологиялық қауіпсіздік бағыттарының әрқайсысы бойынша 4 жағдай (7,7%). Денсаулық сақтау саласына қатысты 3 жағдай (5,8%) болды. Тұтынушылық тәуекелдер / алаяқтық және қоғамдық-саяси салаға қатысты бір-бір жағдайдан тіркелді.
1-сурет. 2026 жылдың III тоқсанында жалған ақпарат кейстерінің тақырыптық бағыттар бойынша бөлінуі, %
|
Тақырыптық бағыт |
Үлесі (%) |
|
Қарулы Күштер |
23,1% |
|
Заң мен Тәртіп |
19,2% |
|
Әлеуметтік саясат және білім беру |
13,5% |
|
Инфрақұрылым және энергетика |
11,5% |
|
Халықаралық қатынастар |
7,7% |
|
Қаржы саласы |
7,7% |
|
Табиғи және экологиялық қауіпсіздік |
7,7% |
|
Денсаулық сақтау |
5,8% |
|
Қоғамдық-саяси сала |
1,9% |
|
Тұтынушылық тәуекелдер / Алаяқтық |
1,9% |
2026 жылдың III тоқсанында жалған ақпараттың тақырыптық басымдықтары айтарлықтай ай сайын өзгеріп отырды.
• Шілдеде жалған ақпарат көбіне Заң мен Тәртіп, әлеуметтік саясат және білім беру, инфрақұрылым мен энергетика, халықаралық қатынастар салаларына қатысты болды (әрқайсысы 17,6%-дан).
• Тамызда Заң мен Тәртіп және денсаулық сақтау (әрқайсысы 18,2%), әлеуметтік саясат және білім беру, қаржы саласы, экологиялық қауіпсіздік және тұтынушылық тәуекелдер (әрқайсысы 9,1%) бойынша ақпараттық арандатулар басым болды.
• Қыркүйекте Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға төңірегінде ақпараттық манипуляциялар салдарынан жалған ақпараттың құрылымы елеулі өзгерді. Қыркүйекте тіркелген кейстердің жартысы (12-сі немесе 50,0%) Қарулы Күштерге қатысты болды. Заң мен тәртіп үлесі 20,8%, әлеуметтік саясат пен білім беру 12,5%, табиғи және экологиялық қауіпсіздік 8,3%, халықаралық қатынастар мен қаржы саласы 4,2%-ды құрады.
2-сурет. 2026 жылдың III тоқсанында жалған ақпараттың айлар бойынша тақырыптық бөлінуі, %
|
Тақырыптық бағыт |
Шілде |
Тамыз |
Қыркүйек |
|
Заң мен Тәртіп |
17,6% |
18,2% |
20,8% |
|
Әлеуметтік саясат және білім беру |
17,6% |
9,1% |
12,5% |
|
Инфрақұрылым мен энергетика |
17,6% |
27,3% |
- |
|
Халықаралық қатынастар |
17,6% |
- |
4,2% |
|
Қаржы саласы |
11,8% |
9,1% |
4,2% |
|
Табиғи және экологиялық қауіпсіздік |
5,9% |
9,1% |
8,3% |
|
Денсаулық сақтау |
5,9% |
18,2% |
- |
|
Қоғамдық-саяси сала |
5,9% |
- |
- |
|
Тұтынушылық тәуекелдер / Алаяқтық |
- |
9,1% |
- |
|
Қарулы Күштер |
- |
- |
50,0% |
3. ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТУШЫЛАРДЫҢ НЫСАНАЛЫ АУДИТОРИЯЛАРЫ
III тоқсандағы кейстердің мазмұнына сүйеніп, ақпараттық ықпал етудің бірнеше тұрақты топты бөліп көрсетуге болады. Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғадан кейін әскери қызметшілер, олардың отбасылары мен жақындары ақпараттық ықпал тұрғысынан ерекше сезімтал аудиториялардың біріне айналды. Осалдық деңгейін бағалау сапалық сипатқа ие және аудиторияның өлшенген көрсеткіші ретінде емес, талдамалық сипаттама ретінде пайдаланылады.
1-кесте. Нысаналы топтар және олардың жалған ақпаратқа осалдық деңгейі (2026 жылдың III тоқсаны)
|
МАҚСАТТЫ ТОП |
ЖАЛҒАН АҚПАРАТТЫҢ МЫСАЛДАРЫ |
ОСАЛДЫҚ |
|
Әскери қызметшілер, олардың отбасы және жақындары |
Қаза тапқандар саны, оқу-жаттығудың мән-жайы, командирдің іс-әрекеті, қаза тапқандар туралы мәліметтерді жаңарту, мұрағаттық видеолар, ЖИ-роликтер |
СЫНИ ЖАҒДАЙ |
|
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық |
Депозиттер бойынша салықтар, банк шоттарына қолжетімділік, кедендік алымдар, инвестициялық лицензиялар |
ЖОҒАРЫ |
|
Әлеуметтік төлемдер алушылар / зейнеткерлер / отбасылар |
Зейнетақы кепілдігі, «миллион пәтер», некені ұзарту |
ЖОҒАРЫ |
|
Ата-аналар / оқушылар / талапкерлер |
Мектептегі тамақтану және төлемдер, мектеп формасы, мектеп дәлізінен бейнежазбалар |
ЖОҒАРЫ |
|
Мем. қызметтер мен цифрлық сервистерді пайдаланушылар |
eGov, автомектептер мен емтихандар, нотариалдық рәсімдер, әкімшілік хаттамалар |
ЖОҒАРЫ |
|
Медициналық ақпаратты тұтынушылар |
Вакциналар, вакцинация үшін берілетін-мыс төлемдер, психиатриялық көмек |
ОРТАША |
|
ТЖ мен қоғам назарын аударған оқиғалар кезінде кең аудитория |
Өрт, эвакуация, ЖЭО, атыс, қайғылы оқиғалар |
ЖОҒАРЫ |
4. ЖАЛҒАН АҚПАРАТТЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Статистикалық салыстыру үшін 52 кейстің әрқайсысына айлық шолудағы бұрмалаудың негізгі тәсілін айқындайтын бір басым тәсіл берілді:
• Расталмаған дерек / эмоциялық күшейту – 14 кейс (26,9%);
• Контексті / фактілерді бұрмалау – 12 кейс (23,1%);
• Нормалар мен рәсімдерді бұрмалау – 11 кейс (21,2%);
• Жалған геопозиция / мұрағаттық контентті пайдалану – 7 кейс (13,5%);
• Беделді тұлғаның / есімін / брендті пайдалану – 6 кейс (11,5%);
• Визуалды контентті ЖИ арқылы генерациялау – 2 кейс (3,8%).
Негізгі үрдіс: ең көп таралған тәсіл расталмаған деректерді қосу және ақпаратты эмоциялық тұрғыдан күшейту. Бұл барлық тіркелген жағдайлардың төрттен бірінен астамын (26,9%) құрады.
3-сурет. 2026 жылдың III тоқсанындағы жалған ақпарат әдістері, %
|
Әдіс / Тәсіл |
Үлесі (%) |
|
Расталмаған мәлімет / Эмоциялық шиеленісті күшейту |
26,9% |
|
Контексті / Фактілерді бұрмалау |
23,1% |
|
Нормалар мен рәсімдерді бұрмалау |
21,2% |
|
Жалған геобайланыс / Мұрағаттық контент |
13,5% |
|
Беделді / Атақты / Брендті пайдалану |
11,5% |
|
Визуалды контентті ЖИ көмегімен генерациялау |
3,8% |
5. АҚПАРАТТЫҚ ШАБУЫЛДАРҒА ЖИІ ҰШЫРАЙТЫН МИНИСТРЛІКТЕР МЕН ВЕДОМСТВОЛАР
2026 жылдың III тоқсанында ресми терістеулердің ең көп көлемі ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі болды – 11 жағдай немесе (тоқсандағы кейстердің 21,2%-ы). Екінші орында өңірлік Полиция департаменттері тұр – 4 жағдай, немесе 7,7%. ҚР ІІМ, ҚР ЭМ, ҚР ДСМ және ҚР ӘМ әрқайсысына 3 жағдайдан немесе 5,8%-дан тиесілі.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне, ҚР ЕХӘҚМ, әкімдіктерге және ТЖД-нің өңірлік бөлімшелеріне қатысты 2 жағдайдан немесе 3,8%-дан тіркелді.
II тоқсанмен салыстырғанда, сол кезеңде ақпараттық қысымның елеулі бөлігі әлеуметтік, құқық қорғау және қорғаныс бағыттарына шоғырланған болса, III тоқсанда ақпараттық қысымның қорғаныс тақырыбы төңірегінде айқын шоғырланғаны байқалды.
Сонымен бірге жалған ақпарат мемлекеттік басқарудың кең ауқымды салаларын: құқық тәртібін, энергетиканы, денсаулық сақтауды, әділетті, әлеуметтік қорғауды, қаржы мен өңірлік басқаруды қамтуды жалғастырды.
4-сурет. Жарияланған теріске шығарулар саны бойынша ведомстволардың бөлінісі, 2026 жылдың III тоқсаны, %
|
Ведомство / Организация |
Үлесі (%) |
|
ҚР Қорғаныс министрлігі |
21,2% |
|
Аймақтық Полиция департаменттері |
7,7% |
|
ҚР Ішкі істер министрлігі |
5,8% |
|
ҚР Энергетика министрлігі |
5,8% |
|
Денсаулық сақтау министрлігі |
5,8% |
|
ҚР Әділет министрлігі |
5,8% |
|
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті |
3,8% |
|
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
3,8% |
|
Әкімдіктер |
3,8% |
|
Өңірлік ТЖД |
3,8% |
|
Басқа ведомстволар |
1,9% |
6. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚАМТУ
2026 жылдың III тоқсанында жалпыұлттық сипаттағы жалған ақпараттың басымдығы сақталды. Тіркелген 52 жағдайдың 30-ы, яғни 57,7%-ы жалпыұлттық сипатта болып, заңнама, мемлекеттік шешімдер, әлеуметтік және қаржы салалары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сыртқы саяси, энергетикалық және әскери күн тәртібіне қатысты болды. Қалған 22 жағдай, немесе 42,3%-ы нақты қалалар мен өңірлерге қатысты тіркелді.
3-кесте. Жалған ақпарат жағдайларының өңірлер бойынша бөлінісі (2026 жылдың III тоқсаны)
|
АЙМАҚ |
ЖАҒДАЙ |
ФЕЙК СИПАТЫ |
АЙ |
|
Маңғыстау облысы |
10 |
Каспий теңізінде болған қайғылы оқиға төңірегіндегі жалған ақпарат пен манипуляциялар |
Қыркүйек |
|
Астана |
2 |
Мектеп формасы; күдіктінің полицияға қатыстылығы туралы жалған ақпарат |
Қыркүйек |
|
Жамбыл облысы |
2 |
«Қордай» өткізу пункті; Таразда автокөліктің зақымдануы |
Шілде |
|
Алматы |
1 |
«Белдіксіз пакет үшін айыппұл» |
Шілде |
|
Алматы облысы |
1 |
Суару суының жетіспеушілігі туралы хабарламалар |
Шілде |
|
Ақмола облысы |
1 |
Дала өрті кезінде өрт сөндірушілерді тамақтандыру |
Шілде |
|
Қарағанды облысы |
1 |
Жолбарыстың ЖИ-мен жасалған бейнесі |
Тамыз |
|
Қостанай облысы |
1 |
Өрнек кенті тұрғындарын эвакуациялау туралы жалған ақпарат |
Қыркүйек |
|
Шығыс Қазақстан облысы |
1 |
Зайсан ауданындағы қайғылы оқиға және «Көк кит» |
Қыркүйек |
|
Солтүстік Қазақстан облысы |
1 |
ЖЭО-2-дегі апат туралы жалған ақпарат |
Шілде |
|
Шымкент |
1 |
Жүргізушінің қолтаңбасын қолдан жасау |
Қыркүйек |
|
Жалпыұлттық қамту |
30 |
Әртүрлі бағыттар |
Шілде-қыркүйек |
ҚОРЫТЫНДЫЛАР
• Анықталған жағдайлар санының өсуі. 2026 жылдың III тоқсанында 52 жағдай тіркелді, (II тоқсандағы 28 кейспен салыстырғанда өсім 85,7%-ды құрады). Ең белсенді ай – қыркүйек (24 кейс немесе тоқсандық көрсеткіштің 46,2%-ы).
• Қарулы күштер – тоқсандағы ең ірі тақырыптық бағыт. Әскери салаға 12 кейс (23,1%) тиесілі. Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға төңірегіндегі ақпараттық толқын тоқсанның жалпы құрылымына елеулі әсер етті: бір резонансты ақпараттық себеп бірден бірнеше дербес жалған хабарлама мен манипуляцияның таралуына негіз болды.
• Қорғаныс министрлігі ресми ден қоюдың негізгі нысаны болды. Министрлікке 11 теріске шығару (кейстердің 21,2%-ы) тиесілі. Манипуляциялар қаза болғандар санына, оқиғаның мән-жайына, басшылықтың іс-әрекетіне, оқу-жаттығуларды ұйымдастыруға қатысты болды. Сондай-ақ мұрағаттық және шетелдік бейнематериалдар мен ЖИ арқылы жасалған контентке негізделді.
• Шынайы ақпаратты бұрмалау тәсілі басым. Үш негізгі тетік – расталмаған мәлімет қосу және эмоциялық күшейту, контекст пен фактілерді бұрмалау, сондай-ақ нормалар мен рәсімдерді бұрмалау – 52 жағдайдың 37-сін (71,2%) құрады.
• Мұрағаттық және өзге контент – жалған ақпарат таратудың дербес құралы. Жалған географиялық байланыс орнату және мұрағаттық материалдарды қайта пайдалануға 7 кейс (13,5%) тиесілі. Бұл тетік әсіресе қыркүйек айында айқын көрінді: ескі жазбаларға, басқа елдерге тиесілі материалдарға және көркем контентке жаңа күн, орын мен мән-жай таңылды.
• ЖИ-контент жаппай сипат алмаса да, сезімтал сюжеттерді күшейте түсуде. Тоқсан ішінде жолбарыстың суреті және қаза болған әскери қызметшілердің фотосуреттері бар ЖИ роликтер тіркелді. Соңғы жағдайда синтетикалық контент тікелей адам трагедиясы төңірегінде қолданылып, эмоционалдық әсерді арттыра түсті.
III тоқсанда заманауи жалған ақпараттың өзара байланысты екі тетігі айқын көрінді:
1. Біріншісі – шынайы ақпаратты түрлендіру: жалған хабарлама жасау үшін бастапқы материалдың бір ғана элементін (уақытын, орнын, мән-жайын, ауқымын, себебін немесе оған берілетін түсіндірмені) өзгерту жеткілікті.
2. Екіншісі – ақпараттың тармақталып таралу әсері: бір шынайы әрі эмоционалды сезімтал оқиға бірден көптеген екінші деңгейлі фейктердің, расталмаған нұсқалардың, мұрағаттық «айғақтардың» және синтетикалық контенттің пайда болуына негіз болады.
Сондықтан ақпаратты тексеру тек фактінің өзімен шектелмеуі керек. Оның шығу тегі, жарияланған күні, географиялық байланысы, бастапқы дереккөзі, контексті және материалдың өзіне қатысты оқиғамен шынайы байланысы да тексерілуі қаж