Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерлан Қарин ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
***
Е. Т. Қаринді тағайындау туралы
2022 жылғы 05 қаңтар Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда,
2022 жылғы 5 қаңтар № 730