BANNER

Премьер-министр міндетін атқарушы Әлихан Смайылов Үкіметке бірқатар тапсырма берді

Премьер-министр міндетін атқарушы Әлихан Смайылов Үкіметке бірқатар тапсырма берді

Премьер-министрдің міндетін атқарушы Әлихан Смайылов елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал жөніндегі кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған міндеттерін іске асыру бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Смайылов газ саласын дамытудың кешенді жоспарын пысықтауды және Маңғыстау облысында сұйытылған газ өндіретін зауыт құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесіне мемлекеттік сараптама жүргізуді жеделдетуді тапсырды.

"Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша жоғарыда аталған шараларды кідіріссіз қабылдауды тапсырды", - деді Смайылов кеңесте.

Президент сұйытылған газ сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізудің қолданыстағы қағидаларын пысықтау, сұйытылған газды электрондық сауда алаңы арқылы өткізуге толық көшуді бір жылға ауыстыруды тапсырған болатын. Тиісті мемлекеттік органдар сұйытылған газды өткізу кезінде бағалық сөз байласу және өзге де бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты тергеу жүргізеді.