BANNER

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасының  Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, елдің шетелде дайындықтан өткен және жақсы үйлестірілген терроршыл топтардың шабуылына тап болғанын айтты, деп хабарлайды, Saryarqanews.kz тілшісі.

“Алматы қаласындағы және елдің басқа да өңірлеріндегі оқиғалар көрсеткендей, Қазақстан шетелде дайындықтан өткен және жақсы үйлестірілген терроршыл топтардың шабуылына тап болды. Алдын ала мәліметке қарағанда, шабуылшылардың арасында жанжал аймақтарында діни радикалдық топтардың қатарында қақтығыстарға қатысу тәжірибесіне ие адамдар бар.

Қазіргі уақытта Қазақстанның құқық қорғау органдары мен Қарулы күштері, кейбір шетелдік БАҚ бұрмалап көрсеткендей, «бейбіт сипаттағы наразы топтарға» емес, террористерге қарсы тұруда”