BANNER

Қарағанды облысының кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

Ашық дереккөзі

Қарағанды облысының өнеркәсібі тұрақты жұмыс істеп жатыр. Кәсіпорындарда проблемалар жоқ. Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбекке аппараттық кеңесте баяндалды.

Бүгінгі таңда өңірдің барлық өнеркәсіптік кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істеуде. Олардың қызметіне күнделікті мониторинг жүргізіледі. Жалпы облыс бойынша шикізатты, дайын өнімді, сондай-ақ жұмысшы персоналды тасымалдау және жеткізу бойынша проблемалар байқалмайды. Өнеркәсіп өнімі көлемінің жоспарланған көрсеткіштері қамтамасыз етіледі, – деп хабарлады өнеркәсіп басқармасының басшысы Мұрат Қыдырғанбеков.

Оның айтуынша, ірі жүйе құрушы компаниялар тұрақты жұмыс істеуде және айлық көрсеткіштерді орындауды жоспарлап отыр.

ТКШ мен энергия көздерінің жұмысында да проблемалар жоқ, деп мәлімделді кеңесте.

Облыс бойынша жылыту маусымы тұрақты өтуде. Тіршілікті қамтамасыз етудің барлық объектілері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өңірдің сегіз станциясында 37 қазандық, жетеуі резервте жұмыс істейді, – деді энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов.

Жеңіс Қасымбек облыстағы жағдайды бақылауды жалғастыруды тапсырды.