BANNER

Қарағанды облысында ТЖ режимін бұзғандар ескерту алды

Қарағанды облысында ТЖ режимін бұзғандар ескерту алды

Қарағанды облысындағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты, деп хабарлады өңір коменданты Ерлан Файзуллин. ТЖ режимін жариялау кезеңінде шектеу шараларын бұзушыларға қатысты барлығы 767 әкімшілік хаттама жасалды. Оның 587-сі ескерту алды.

80 адам әкімшілік қамауға алынды. Облыстың 29 тұрғыны айыппұл төлейді.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері құқық бұзушылардан 78 тыйым салынған затты тәркіледі, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 8 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, есірткі заттарын сақтаудың 18 фактісі анықталды.

Қарағанды облысының полиция департаменті тұрғындарды төтенше жағдай режимін бұзбауға шақырады және полицейлердің жұмысына түсіністікпен қарайтын азаматтарға алғыс білдіреді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның 14 өңірінің аумағында, оның ішінде Қарағанды облысында террористік қауіптіліктің сыни «қызыл» деңгейі жойылды.