BANNER

Қарағанды ​​облысында баллон газдың бағасы 70 теңгеге дейін төмендейді

Қарағанды ​​облысында баллон газдың бағасы 70 теңгеге дейін төмендейді

Қарағанды ​​облысында баллондағы сұйылтылған газдың бағасы одан әрі арзандайды. Бұл туралы бүгін, 17 қаңтарда әкімдікте өткен аппарат отырысында белгілі болды, деп хабарлайды saryarqanews.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды ​​облысының әкімі облыстың кейбір қалаларында баллон газдарының бағасы 15-20 пайызға арзандағанын хабарлаған болатын. Дегенмен, арзандатылған бағамен газдың жаңа партиясын жеткізу кезінде баллон газдың жалпы құны литріне 70-80 теңгені құрайды. Бұл туралы облыс әкіміне Қарағанды ​​облысы экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов мәлім етті.

– Қаңтар айында баллондағы сұйылтылған газ бұрынғы бағамен сатылуда, себебі сатып алу арзандамай тұрып жүргізілген. Осы аптада облыс жаңа бағамен 200 тонна сұйытылған газ алады. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі баллондардағы сұйытылған газдың шекті бағасын белгілеп қойған. Газдың сатылу бағасы төмендегендіктен, бастапқы құны литріне 70-80 теңге аралығында өзгереді, - деді Мұқанов.