BANNER

Бүлік кезінде қайтыс болған 12 жастағы бүлдіршіннің анасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Бүлік кезінде қайтыс болған 12 жастағы бүлдіршіннің анасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Алматы тұрғыны Гауһар Кәрімбекова 5 қаңтарда 12 жасар ұлы Сұлтанның өліміне себеп болған оқиға туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гауһардың айтуынша, 4 қаңтарда отбасымен қала сыртында ата-анасының үйінде түнеген. Жақын туыстар арасында жиенінің туған күнін тойлаған. Олар 5 қаңтарда таңертең Алматыға оралған.

"Отбасы болып атап өттік, тіпті теледидар қараған жоқпыз. Ол жақта Интернет нашар. Ұйықыға жақанымызда әкеміз фильм көріп жатқан. Біз тіпті жаңалықтарды да көрмедік. 5 қаңтарда таңертең, таңғы алтылар шамасында жолға шықтық, жұмысқа барар жол ұзақ, Сұлтан да жаттығуға баруы керек болды. Митинг өтіп жатқанын білмедік, бірақ Сұлтанның ұйқысы қанбғандықтан, үйде қалуын өтіндім. Ол жаңажылдық үзілістен кейін футболға баруға құлшынып тұрды.

Автобусты 40 минут күттік, бірақ келмеді. Батыста газға байланысты наразылықтар болып жатқанын естігенмін, автобус жүргізушілері ереуілге шыққан шығар деп ойладым. Интернет жұмыс істемеді. Citybus-та автобустар жоқ (Алматыдағы қоғамдық көліктерді қадағалауға арналған қосымша - еск.). Бірақ кейін бұл Желідегі проблемалар деп ойладық. Телефонымды өшіріп, қостым. WhatsApp-қа ешкім жазбағанына таңғалдым. Такси ұстап, жолға шықтық", - дейді әйел сол күнгі оқиғаны бөлісіп.

Жол жөнекей әйел аялдамаларда көп адам тұрғанын көрген, бірақ ол демонстранттарды немесе тәртіпсіздіктерді кездестірмеген. 

Қалада олар Гауһардың інісінің үйіне кірген. Суықтан оның телефоны өшіп қалған. Телефонын қуаттап, жұмысына - № 26 қалалық емханаға қоңырау шалғанда ғана Гауһар митингілер туралы есітіген, бірақ бәрібір баруға бел буған.

"Мен жолға шығып, такси ұстадым. Жұмыста жағдайды талқылауға уақыт болмады, жұмыс көп болды. Жаңалықтарды оқуға тырыстым, митингтер болғанын көрдім, бірақ бұрын да қалада митингілер болған. Кешкі бесте жұмыстан босадым. Интернет істемей, банкомат іздеп жаяу көшеге шықтым. Төле би көшесін жағалап жүрдім, қазір сол жақтан өртенген көліктерді көрсетіп жатыр. Ол кезде ондай болған жоқ. Банкомат таппадым да, ініме оралдым. Кешке, тамақтанып болған соң, тағы да банкомат іздеуді ұйғардық, сонымен қатар ертеңге азық-түлік аламыз деп ойладық. Інім бірге шықты, ал кіші ұлым Сұлтан бізбен бірге барғысы келді.

Жауапсыз екенімді айтатын шығарсыз, "митингілер өтіп жатқанын біліп, баламен көшеге шықты" дерсіз. Бірақ 5 қаңтарда оқ жаудырып, балаларға оқ атқаны болды ма? Жалпы, бұрын соңды мұндай болды ма? Қаншама митингілер болды. Митингтер осындай ауқымда өтетінін білгенімде, өзім де шықпас едім", - дейді Гауһар.

Қайғылы оқиға әйелдің есінде еміс-еміс қалған. Көп дүниені інісі артынан айтып берген.

"Ертеңіне Семейге баратын пойызға билет болған. Жолға ақша мен азық-түлік керек болды. Сағат 20.20 шамасында үйден шықтық. Банкоматқа бара жатқанда, ол жұмыс істемей тұрғанын айтты. Дүкенге тым болмаса нан алауға барайық дедік. Бірақ ол да жабық. Жанымызда көршілер бар еді, біреу сатушыға телефон соқпақшы болды. Сол жерде күтіп тұрдық. Кенет шу басталып кетті. Біреулер отшашу атылып жатқанын айтты. Әуезов полиция бөлімі жаққа қарасам, жарқ-жұрқ, тарсылдаған дыбыстар шығып кетті. Мен өмірімде атысты көрген емеспін.

Олар отшашу туралы айта бастағанда, балам суретке түсіру үшін телефонын көтерді. Мен оған бұрылғанымда, ол теріс қарап тұрды. Оған қара еңкейе бергенімде, ол жерге құлап түсті. Басында түсінбедім, сүрініп құлағандай болды. Басынан қан ағып жатқанын көргенде айғайлап жібердім. Одан кейін не болғаны есімде жоқ. Бәрі одан кейін тағы оқ атылғанын айтып жүр. Сұлтан түсіріп үлгерген видео кадрында оқ сағат 20.49-да атылған. Осы кезде ұлыма оқ тиген", - деді Гауһар.

Әйел біреу-міреу жедел жәрдем шақырғаны есінде жоқ екенін айтты.

"Мен мүлдем ештеңе істемедім. Тек айғайлай бердім. Қалғаны есімде жоқ. Бір ер адам келіп, мені тыныштандыруға тырысқан. Бірақ ол да есімде жоқ. (...) Көрші үйдің әйелдері мені подъезге апарып, шығармай қойғаны есімде. Сол кезде інім жүгіріп келіп, Сұлтан тірі екенін айтты. Мен біраз тынышталдым. Ол жетінші ауруханаға қабылдамады деді ме әлде қабылдамайды деді ме, бірақ екінші қалалық балалар клиникалық ауруханасына апарған.

Інім көліктерді тоқтатпақ болғанын, бірақ ешкім тоқтамағанын айтты. Ол: "Мен жолға жүгіріп шығып, көліктің үсітіне шығып, тоқтаттым", - дейді. Бірақ балам ауруханаға жетіп, сол жерде қаза болды", - деді баланың анасы.

Әйел ұлын атқан қылмыскерлерді тапқысы келетінін айтты, бірақ қазір ол жерде не болғаны туралы ешқандай нұсқа жоқ.

"Әдетте шу қайдан шығып жатқаны белгілі болады. Басымды көтергенде, полиция бөлімшесінің төбесінен оқ жаудырып жатыр екен деп ойладым. Сол жерде адамдар жүрді. Терезелерде жарық жоқ, тек қара киінген адамдар жүрді. Менің ойымша, сол жерден, бірақ шынында қалай болды, мен білмеймін. Басқа ешкімді көрмедім. Жанымызда қарулы адамдар болған жоқ. Ешкім келе жатқанын көрмедім.

Полиция бөліміне шабуыл жасалса да, онда қоршау қандай екенін білесіз бе? Кірпіш, биіктігі екі метр, одан да жоғары болмаса. Мүмкін ішінде бірдеңе болған шығар, білмеймін. Бірақ ішінде  болмадық. Тіпті сол жақта да емес. Біз жолдың арғы жағында, тіпті қарама-қарсы да емес, Төле биге қарай төменірек тұрдық.

"Мыналар атып кетті" деп қазір нақты айта алмаймын. Мен не болғанын да білмеймін. Тек уәкілетті органдар не болғанын айтса екен деймін. Біреу не болғанын айтқанын қалаймын. Оны ұмытып кететін нәрсе емес қой. Менің жауапкершілігім, әрине, ата-ана ретінде бар. Бірақ мемлекеттің жауапкершілігі де бар ғой", - деп бөлісті Гауһар.

Әлеуметтік желіде баланың қолындағы камерада жарық қосылып қалуы мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр. Әйел ол есінде жоқ екенін түсіндірді, бірақ мұндай нұсқаны жоққа шығармады.

Жерлеу 7 қаңтарда өтті. Гауһардың айтуынша, оның ағасы полицияға арыз жазған.

"Оқиға орнына атам - күйеуімнің әкесі, інілерім барды. Мен ол жаққа бара алмадым. Бір рет тергеуші келді. Бірақ одан кейін ешкім келмеді, ештеңе сұрамған жоқ. Бейсенбіде қалаға баламның қайтыс болғаны туралы анықтаманы алуға бардым. Сол кезде әкімдіктен адамдар келгенін айтты. Ер адам үйге кірмеген, сырттан әкімдіктен екенін айтып, қайда жұмыс істейтінімді сұраған", - деді Гауһар.

Анасының айтуынша, Сұлтан 7 желтоқсанда 12 жасқа толған. Ол кәсіби футболшы болуды армандаған екен.

"Қаншама адам келеді, бәрі оны қатты жақсы көрді. Ол мейірімді, сабырлы, жастайынан парасатты, ақылды. Жауапты, жақсы оқыды. Сыныптағы балалар оны математик деп атайтын. Ол математиканы өте жақсы көретін. Бәрін қорғап жүретін. Тіпті ағасын да қорғауға тырысатын.

Көздері жанып тұратын. Ол шынымен өмір сүргісі келді, оның жоспарлары болды. Ол бірнеше жыл футбол ойнады. Атақты футболшы болғысы келді. Ол қатты тырысты", - деді Гауһар.