Қарағандылық шопандардың үрейі

ашық дереккөз

Өркениеттен алшақта тұратын малшылар үй маңында түсініксіз жайттардың болып жатқанын айтты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі Экспресс-К порталына сілтеме жасап.

Материалға шалғайдағы  шопандардың басынан өткен оқиғалар негіз болған.

Қойшыларды екі аяқпен адам сияқты жүретін қойлар таң қалдырған.

«Мұндай жағдай жиі болып тұрады. Дені-қарны сау жануар аяқ астынан адамша жүріп кетеді.  Оның ішіне бірдеңенің кіріп кеткені анық және ол жақсы нәрсе емес», – дейді тәжірибелі шопан Жүкей Серғазы.

Оқиға Ұлытау облысында болған. Жайлаудағы ешкілердің бірі бірнеше күн қатарынан екі аяқтап жүрген. Әйелімен ақылдасқан қойшы оны сойып тастауға бел буған. Сол күні қорада түсініксіз жайттар орын алды. Мәселен, қойлар бұрынғыдан бетер маңыраған.

«Ешкіні ұстап алмақ болып қораға кіргенде жануарға тіл бітіп «Ақымақ» деген. Қолдарым дірілдеп, тілім байланды. Кешқұрым кез. Әдетте күн ұясына батып бара жатқан апақ-сапақ уақытта қос көріне береді деп өзімді алдаусыратуға тырыстым. Бірақ оны бауыздай алмадым. Бұрыла салып, үйге жүгірдім», – дейді Жүкей аға.

1

Ертесіне жын кірген малды туысқаны келіп сойып берді. Қорқып қалған қойшы басы ауырғанын сылтауратып, үйден шықпай қойды.

Әлеуметтік желіде қос аяқтап жүрген жануарлардың видеосы өте көп.

Ал келесі оқиға Ақмола облысы Қорғалжын ауданында болған. Жасөспірім туысының үйіне жайлауға барған. Түн жарымда баланың дәрет сындырғысы келіп, далаға шығады.

«Ай толған кез. Бала базаға барған. Мал тұратын қораға кірген. Іші қап-қараңғы. Малды жайылымға жібергенбіз. Бос болды. Үнсіздікті баланың артынан біреудің демі бұзды. Артына бұрылып қараса ешкім жоқ. Қараңғыдан дым көрінбейді. Бірақ бетіне ыстық дем ұрып тұр. Біреу ойнап тұр екен деп қолып созған. Алдында азып кеткен адам бейнесі анық көрінген. Бала аяғын ұстап қалғанда тұяқ екенін байқап қорқып кетті», – дейді туысы.

1

Тағы бір ұқсас жағдай Қарағанды облысы Нұра ауданында болған. Аталмыш өңірдің шет жағында шопанға арнап салынған әдемі, жаңа үй бар. Алайда қойшылар ол жерде тұруға қорқады. Себебі, бейіттің үстіне салынған дейді жергілікті тұрғындар. Шопандардың бірі әйелі аудан орталығына емделу үшін кетіп қалғанда сырға толы үйде жалғыз қонуға мәжбүр болған.

«Түн ортасында есік ашылды. Дыбысын естідім. Жүгіріп барсам жабық. Ертесіне тағы қайталанды. Біреу жүргендей сезілді. Жарықты қостым. Тағы ешкім жоқ. Есік құлыптаулы. Осылайша түсініксіз жайттар бір апта қайталанды», – дейді қойшы.

1

 Жынданудың сәл алдында қалған шопан мал иесіне жұмыс істеуден бас тартатынын айтқан. Соңғы күні қорыққан азамат жанына мылтық алып жатады. Түн жарымда тағы сол үрейлі дыбыс. Қаруын алып қараңғы жерге оқ жаудырады. Сол кезде біреудің күлгенін естиді.

«Біраз уақытқа дейін дел-сал күйде отырдым. Мүмкін мені алмастыруға келген адамды атып тастаған шығармын деген күдік пен уайым болды. Таңға дейін мылтығымды құшақтап отырдым. Күн шыққанда бірден барып есікті қарадым. Есік әдеттегідей жабық тұр. Тек оқтың іздері болды», –дейді.