Фортепианода әйгілі туындыны орындаған полицей көпшілікті тәнті етті (видео)

Фортепианода әйгілі туындыны орындаған полицей көпшілікті тәнті етті

Фортепианода әйгілі туындыны орындаған полицей көпшілікті тәнті етті. Ол әлеуметтік желілерде тарап үлгерді.

Оқ өтпейтін жилет пен каска киген павлодарлық полиция қызметкері Моцарттың әйгілі «№6 Симфония. Періштелер сазы» шығармасын орындады.

Павлодар облысының майоры Ренат Садуақасов шеру кезінде елдегі тәртіпті қадағалады. Ол сол кезде фортепианоны көріп, әріптестерінің көңіл-күйін көтеруді жөн көрген.

Павлодар облысы - елдегі шерушілердің әкімдік ғимаратына басып кіру әрекеті толығымен сәтсіз аяқталған облыстардың бірі. Бірде-бір тонау фактісі тіркелмеген.