Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 330 жаңа жағдайы тіркелді, Қарағанды облысында 12 жаңа жағдай тіркелді. Облыс «жасыл» аймақта, деп хабарлайды Saryarqanews.kz.
Ағымдағы жылғы 25 мамырдан бастап облыста қайта ревакцинация жүргізу басталды, 7 шілдедегі жағдай бойынша 13 530 адам егілді, қамту 33,0%-ды құрады.
Уақтылы алынған вакцина індеттің таралып кетпеуіне бірден-бір себеп. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін екпенің күші әлсірей бастайды, сондықтан дер кезінде қайта екпе алу аса маңызды.
Сақтық шараларына салғырт қарамаңыздар, «ұжымдық иммунитетті» әлсіретіп алмау үшін бүгінде әлем жұртшылығы вирусқа қарсы екпе алуда.
Екпе алып, қауіпті ауруға қарсы тұру мүмкіндігі әр адамда бар.