BANNER

Доллар бірден 6 теңгеге арзандады

-

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы сәл төмендеді.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 6,72 теңгеге төмендеп, 1 доллар 462, 01 теңге болды. Ұлттық банктің 11 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 469, 42 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 464 теңге, сатып алу – 469 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,5 теңгеден болса, сатып алу – 466. Ресей рублі 7,34- 7,37 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 8 қараша күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,68 теңге болды.