Электронды еңбек биржасында 500-800 мың теңге арасындағы жалақыға бос жұмыс орындар ұсынылған.
«Сонымен қатар, жалақы өңірлер мен мамандықтар бойынша әр түрлі болады. Атап айтқанда, Атырау облысында ең жоғары еңбекақы ұсынылды. Онда өнеркәсіптік альпинистер үшін 824 мың теңге жалақы алатын 20 бос жұмыс орны орналастырылды. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыс берушілер мемлекеттік органдардағы құрылымдық бөлімшелердің басшыларына 500 мыңнан 730 мың теңгеге дейін жалақы ұсынады», – делінген.
Ең жоғары жалақы ғылыми қызметкерлер арасында байқалады – 2,7 млн теңге, бас директорлар – 2,3 млн теңге, авиация инженерлері – 1,6 млн теңге, кеніштер директорлары – 1,5 млн теңге және қосымшаларды әзірлеушілер – 1,2 млн теңге. Бұл ретте жұмыс берушілер ЭЕБ-ға еңбекақының жоғары мөлшерін мемлекеттік ұйымдардың басшыларына – 640 мың теңге, бас технологтар мен қаржылық менеджерлерге – 500 мың теңге ұсынған.