BANNER

Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы 

Фото: Gov.kz

Қарағанды облысында сағат 12.00-дегі су тасқыны жағдайы. 31.03.2024 ж.                                                                                                          
Қарағанды облысында жағдай тұрақты және күрделі. Гидротехникалық құрылыстар қалыпты жұмыс істеп тұр. Осы жылдың 30 наурызы облыста 1, Шет ауданында жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Тұрғын үйлерді су басу қаупі бар 6 жағдай тіркелген,оның ішінде 3 жағдайда
Шет ауданындағы 3 елді мекенді су басқан. Су басқан үйлерден дер кезінде 292 адам, оның ішінде 114 бала эвакуацияланды. Сондай-ақ облыста Самарқанд және Интумақ су қоймаларынан 900 текше метрге дейінгі шығынмен су шығарылуда.  Шерубай-Нұра өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Қайрақты ауылының Төтенше жағдайлар бөлімі мен Жергілікті полиция қызметінің күшімен дер кезінде  67 адам, оның ішінде 32 бала эвакуацияланды. Олар Ақсу-Аюлы ауылындағы туыстарына орналастырылды. Су басу қаупі бар аймақта 15 үйдің  9 үйі су астында қалды. Өзен арнасына ұзындығы 600 м болатын қаптарды төсеу және уақытша бөгет орнату жұмыстары жүргізілуде. Елді мекен жағынан Шерубай-Нұра ЖБҚ қызметкерлерінің арасынан пост қойылды.
Қарағанды облысындағы барлық су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда, Төтенше жағдайлар департаментіндегі су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді.