Сейсмологтар Алматыда болған жер сілкінісінің қаупін бағалады

Фото: видео кадр

Сейсмологтар Алматыда болған жер сілкінісінің қаупін бағалады, - деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Брифинг барысында Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев көршілес елдерде болып жатқан жер асты дүмпулерінің ықтимал қаупіне баға берді.

"Аумағы кең. Жер сілкінісінің ошағы жер бетіне әлдеқайда жақын болды, ол шекаралық аумақта кең тарады. Географиялық жақындығы 265 шақырым болғанын ескерсек, бұл сейсмикалық оқиғаны қаламыздың тұрғындары да сезінді. Тіркелген бес баллды ескерсек, мұндай жер сілкінісі қаланың инфрақұрылымына ешқандай қауіп төндірмейді", - деді Дәулет Сәрсенбаев.

Еске салайық, 23 қаңтарға қараған түні алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Арада 49 минуттай уақыт өткенде алматылықтар жаңа жер асты дүмпуін сезді. Бірақ ол әлсіз болды.