Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды симфониялық оркестрі 20 ақпанда сағат 18:30-да концертке шақырады. Солист – Асқар Дүйсенбаев (скрипка, Астана).
Асқар Дүйсенбаев – профессор, халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, медальмен және «Мәдениет саласының үздігі» атағымен марапатталған. Ол ҚР Мемлекеттік ішекті квартетінің алғашқы скрипкашысы, Metro-philarmonic (Мәскеу-Швеция) халықаралық жастар оркестрінің концертмейстері болды. Иордания, Германия, Швейцария, Испания, Италия, Франция, Швеция, Жапония, АҚШ, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан қалаларында гастрольдерде болды.
Дирижерлік пультте Айдар Торыбаев.
Бағдарламада скрипкамен оркестрге арналған П.И.Чайковскийдің концерті, ре мажор 35 шығ.; Симфония № 2, си-бемоль мажор, Франц Шуберт.
Классикалық музыка әуендерін көрермендер «Шалқыма» концерт залында тамашалай алады.