Қарағандыда 17 жастағы Гүлпахат Құттыбаева жүн өңдеу цехын іске қосты. Облыс әкімінің бес миллион теңге грантына ол жүн түту және киіз басу станоктарын сатып алды.
Гүлпахат Құттыбаева – Қарағанды технология және сервис колледжінің үшінші курс студенті. Ол дизайнер-кескіш мамандығы бойынша білім алуда. Бірнеше жылдан бері киіз басу қолөнерін игеріп келеді.
– Алғаш рет киіз басумен алты жыл бұрын Достық үйінде өткен шеберлік сабағында таныстым. Маған бұл сабақ өте ұнады және жүнмен жұмыс істеу дағдыларын игере бастадым. Қазір белгілі қолөнерші Қамаш апайдан сабақ алып жатырмын, – деді Гүлпахат.
Жас қарағандылық қазірдің өзінде жергілікті қолөнершілер арасында өте танымал. Оның жеке клиенттік базасы бар: кафелер, мейрамханалар және басқалары киізден жасалған суреттермен, кілемдермен және көрпелермен безендірген. Ол сондай-ақ өткен жылы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында өз жұмыстарын ұсынды, оларды Франция мен Түркиядан келген қонақтар сатып алды.
– Әзірге мен өз өнімдерімді мақсатты түрде жарнамаламаймын. Клиееттерім бір бірінен естиді, ал тапсырыстар кейде Қарағанды қолөнершілерінің WhatsApp-тағы жалпы чатынан келеді. Енді мен жабдық сатып алғаннан кейін, өз өнімдерімнің ассортиментін кеңейте аламын: көрпе, киім, аяқ киім жасайтын боламын. Сондай-ақ, көлем де артады, өйткені машиналарда жұмыс істеу қолмен жасалған еңбекке қарағанда әлдеқайда аз уақытты алады. Енді мен өз өнімдерімді белсенді түрде сата және жарнамалай аламын деп ойлаймын, – дейді қолөнерші.
Бойжеткен жергілікті фермерлерден жүн сатып алуды жоспарлап отыр. Ол өз өнімдері үшін тек табиғи шикізатты пайдаланады.