BANNER

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Gov.kz

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың тағы бір орынбасары тағайындалды. Әлібек Әлденей-біздің өңірдің тумасы. Үш жоғары білімі бар: "саясаттану" бакалавры, "қаржыгер" және "Мемлекеттік және жергілікті басқару" магистрі.

Әлібек Әлденей әр жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында қызмет атқарған. 2015 жылы «Алматы» телеарнасын басқарды. Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымында болды.