BANNER

Қарағандыда мүгедектер арбасын жөндеу қызметін ұсынатын орталық ашылды

Сурет автордікі

Қарағандыда «ДОС» Тәуелсіз өмір орталығы» қоғамдық бірлестігі өз жұмысын бастады. 
Мұнда мүгедектер арбасын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша арнайы қызмет көрсетіледі. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мүгедектер арбасын жөндеу қызметін Қарағанды облысындағы мүмкіндігі шектеулі жандар тегін пайдалана алады. 

 «Мен арбадағы спортшымын, үстел тенисімен айналысамын. Бұл орталықтың ашылуы біз үшін үлкен көмек. Біздің көлігіміз де, аяғымыз да осы арба, сондықтан оны жөндету, күту біз үшін маңызды! Орталықтың ашылғанына және облыс бойынша тегін қызмет көрсететініне қуаныштымын»,- дейді спортшы Хамит Достахин. 

«ДОС» Тәуелсіз өмір орталығы» қоғамдық бірлестігі облыс бойынша жеткізу қызметтерін ұсынады. Орталық кез-келген арбаларды жөндейді, онда 8 маман жұмыс істейді. Оның 3-еуі мүмкіндігі шектеулі жан. Келушілерге 8 түрлі қызмет көрсетіледі.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында, таңғы сағат 9:00-ден - 18:00-ге дейін. Байланыс нөмірі: 8 (708) 959-61-19