Қарағандыда Еркеғали Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестрмен бірге белгілі пианист, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлнар Құрамбаева өнер көрсетеді. Музыка әуесқойлары 14 ақпанда сағат 18:30-да «Шалқыма» концерт залына шақырылады.
Дирижерлік пультпен – маэстро Айдар Торыбаев.
Бағдарламада – № 23 фортепиано мен оркестрге арналған концерт және Вольфганг Амадей Моцарттың № 40 симфониясы.
Концерт «Баршаға арналған музыка» жобасы аясында өтеді. Кіру тегін.
Мәдениет үздігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті Гүлнар Құрамбаева – біздің жерлесіміз, ол музыкалық мансабын Қарағандыда бастаған. Тәттімбет атындағы Қарағанды музыкалық училищесін бітіргеннен кейін Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында оқуын жалғастырды. Пианист белгілі музыка педагогы Жәния Әубәкірованың мектебінен өтті. Өзі де талантты музыканттардың тұтас бір тобын дайындады. Бүгінде Қазақстанда және одан тыс жерлерде белсенді концерттік қызмет атқаруда.