BANNER

Таразда ер адам әйелімен қоса үйін өртеп жіберді

Фото: depositphotos.com

Таразда жуырда түрмеден шыққан ер адам әйелімен қоса үйін өртеп жіберіп, артынша өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ke сілтеме жасап.

Бұл туралы Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖМ мәліметінше, өрт 31 шілдеге қараған түні Қарасу тұрғын алабындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. 

Жақында ғана түрмеден шыққан 54 жастағы ер адам әйелімен жажалдасқан, салдарынан үйді өртеп жіберген. Денесін түгел күйік шалған әйел ауруханада көз жұмды. Күйеуі өзі үйден алыс емес жерде өлі күйінде табылған. Полиция ер адам өз-өзіне қол жұмсады деп болжайды. Ерлі-зайыптылардың артында балалары қалды. Полиция олардың аман қалғанын айтты.

Құтқарушылар 100 шаршы метрге жайылған өртті ауыздықтады.