Қарағандыда Наурыз мерекесіне орайластырылған ауыл шаруашылығы шағын жәрмеңкелері жалғасады. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін қаланың әр бөлігінде жер таңдалған.
24 наурызда үш нүктеде азық-түлікті төмен бағамен сатып алуға болады:
- Оңтүстік-Шығыста – Global City фермерлік орталығы, 134 есептік квартал, 921 құрылыс;
- Майқұдықта – «Умай» СҮ, Карл Маркс көшесі, 9;
- Пришахтинскіде – «Молодежный» мәдениет сарайының алдындағы алаң, Металлистер көшесі, 24/2 құрылыс.
Сауда сағат 09:00 басталады.