BANNER

Ақын Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті

Ақынның инстаграм парақшасынан

Белгілі ақын, сазгер Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаралы хабарды продюсер Гүлзира Айдарбекова жеткізді.

“Жаным Құрмашым, әлі сенер емеспін, жақсы адамым! Жаның жәннатта болсын! Жақында ғана Құрмашым телефон соғып, дауысы саңқ ете қалды. "Гүлім менің, саған арнап жаздым, WhatsApp оқышы деп жіберіп еді. Қоштасқың келіп, айта-айта жүрсін дедің ба екен", – деп жазды продюсер.

"20 күн ес-түссіз жаттым": Құрманай Бақтиярқызы қандай сырқатқа шалдыққанын айтты

"Орамалды қылғынып таға алмаймын": Сазгер Құрманай Бақтиярқызы имиджін өзгертті

Сондай-ақ, Құрманай Бақтиярқызының перзенті оның Instagram-дағы парақшасында жазба қалдырған. Ол көңіл айтып, анасына деген махаббатын жеткізіп жатқан халыққа алғысын айтты.

"Анашым раббысына қайтты. Дұғада болыңыздар. Артында дұға арнайтын ата-анасы, бауырлары, үлкені Ханшайым, Толғанай кенжесі Сұңқар! Немерелері Ақберен мен Арыстан. Жақсы көретін, дұға арнайтын қазақ елі бар! Анама деген махаббаттарыңызға рақмет", – деп жазды сазгердің ұлы.