Әнші Роза Рымбаева тележүргізуші Динара Сәтжанның ютуб арнасына берген сұхбатында күйеуі Тасқын Оқаповтың қалай қайтыс болғаны туралы айтып берді. Әнші сол уақытта екінші баласына жүкті болған.
«Ұйықтап жатқанында инсульт алып, қайтыс болды. Оянғанымда жанымда денесі суып кеткен күйде жатыр екен. Ол кезде екінші ұлыма аяғым ауыр еді, алтыншы айдамын. Өте ауыр болды. Тасқын оған дейін де бірнеше рет микроинсульт алған еді. Алайда ол оған мән бермеді. Дәрігерге қаралмады. Денсаулығы сол жағдайға жетті», - деді әнші Роза Рымбаева.