Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
«Жеңілдетілген несиелеуге ешкімнің ешқашан көңілі толмайды. Бұл түсінікті. Себебі адам көп, қаржы аз. Өздеріңізге белгілі, автокөлік өндірушілер мен қаржы нарығы бір орында тұрмайды. Қазір Үкімет жеке тұлғаларға лизинг енгізу бойынша түзетулерді заңнамалық түрде қолдады. Бұл көлікті сатып алуды жеңілдетеді. Көлік сататын компаниялардың өзі түрлі қаржылық құралдарды жасап, көліктерді бөліп төлеу бойынша сатып жатыр. Жеңілдетілген автонесиелеуге бағытталған қаражатқа келер болсақ, бұл қаржы қоғамдық көлікті дамытуға жұмсалды. Бұл дұрыс ұстаным деп есептеймін. Көліктерге жеңілдетілген несие берудің орнына біз қоғамдық көліктердің сапасын жақсартып жатырмыз», - деп жауап берді министр.
Оның сөзінше, жеңілдетілген автонесиелеу мәселесі 1,5 жыл бұрын жабылды.
«Енді бұл қаражат қоғамдық көлікті дамытуға жұмсалады», - деді Қанат Шарлапаев.