Qarmet баспасөз қызметі шахтада желдету жүйелерін сынау кезінде болған штаттан тыс жағдай туралы хабарлайды. Көмір департаментіне қарасты Ленин атындағы шахтада 22.03.2024 көміршкылкыз газының жоғарлауы туралы ақпарат түсті.
Автоматты датчиктермен желдету жүйелерін тексеру бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу кезінде 54-ші пикет ауданындағы Д6 170 м горизонт орталық конвейерлік еңісте көмірқышқыл газының деңгейінің жоғарылауы тіркелді. Осының салдарынан жөндеу жұмыстарына тартылған кеншілер бригадасын эвакуациялау жоспары дереу енгізілді. Қабылданған шұғыл шаралар нәтижесінде 70 шахта қызметкері қауіпсіз жерге шығарылды. Кеншілер арасында зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнында Qarmet басшылығы,Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі, ТЖД мамандары жұмыс жүргізуде.
Штаттан тыс жағдайдың алдын - ала себебі-шахтаның желдету жүйесінің жабдықтарын сынау кезінде көмірқышқыл газының деңгейінің жоғарылауы болып отыр. Мұндай жұмыстар кен орнында 2017-ші жылдан бері жүргізілмеген. Аталған сынақтар тау-кен жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік жүйелері мен еңбек жағдайларының аудиті бойынша ауқымды жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.