BANNER

ШЫҰ саммитіне қай елдің басшылары келді?

Фото: Ақорда

Қазақстанға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған және Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф келді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ke сілтеме жасап.

Басшылар ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келіп жатыр.

 

Айта кетейік, Өзбекстан ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ға қатысушы елдердің бірі. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 4,5 млрд долларға жетті.

Тәжікстан елімен соңғы 5 жылдықта тауар айналымы 48,2%-ға өсіп, 1,1 млрд доллар болды. Қырғызстан елімен тауар айналымы 1 572 млн долларға жетті. Әзірбайжан елімен 529,4 млн долларға жетті. Сондай-ақ, Түркия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы осы жылдың 4 айының өзінде 1,6 млрд долларға жетті.

Қазақстан мен Пәкістан ұйымдары өзара байланысты, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және гуманитарлық ынтымақтастығын дамытып жатыр.

Басшыларды қарсы алуға премьер-министр Олжас Бектенов пен оның орынбасары Қанат Бозымбаев шықты. Алдағы уақытта өзге елдерден де басшылар келеді.

Еске сала кетейік, елімізге Ресей басшысы Путин, Қытай басшысы Си Цзиньпин, Моңғолия президенті Ухнаагийна Хурэлсуха келді. Сондай-ақ БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш пен ШЫҰ бас хатшысы Чжан мин келген болатын.