«AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ұлттық құрылтай отырысында «Этикалық ереже қабылдау» туралы ұсыныс айтты.
«Қазіргі жиын тойлардағы бейәдеп сөз, анайы анекдот, ебедейсіз ойын, асабалардың мәдениетсіздігі белгілі бір ортақ қоғамдық деңгейде бақылауға алынуы қажет. Бұл мәселеге қоғамдық бақылау тетігін күшейтіп, арнайы этикалық ереже қабылдау керек. Өйткені жиын-той – тәрбиенің ең басты құралдарының бірі. Бұл – әлдебіреудің қызығына араласып, қазан-ошағы мен дастарқанын билеу емес, ұлттық құндылықтарды сақтаудың бірден бір жолы», - деді Бекзат Алтынбеков.